Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ең басты байлығымыз – туған еліміз

Қасым-Жомарт Тоқаев, Алматы, туған ел, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 11:34 Сурет: Zakon.kz
Тіліне, дініне, нәсіліне қарамастан, Қазақстанның барша азаматтары – біртұтас халық, біртұтас ұлт. Мұны ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 қараша күні Алматы жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біз отаншыл және мемлекетшіл болуымыз керек. Шын мәнінде, туған жеріңді сүюден асқан бақыт жоқ. Жүрегі Отаным, Елім, Жерім деп соққан адам ештеңеден қаймықпайды, – деді Мемлекет басшысы.

Ол "біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Ең басты байлығымыз – туған еліміз екенін" баса айтты.

Сондықтан мемлекет мүддесі қашанда барлығынан биік тұрады. Халқымыздың біртұтас ұлт ретінде сақталуы қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғай білуімізге байланысты. Сол себепті, әрбір ісіміз мемлекет мүддесіне сай болуы қажет. Азаматтардың бойында осы қасиеттер болса және еліміздің басты құндылықтарын орнықтыра білсек, болашағымыз баянды боларына кәміл сенемін. Қасым-Жомарт Тоқаев

Осы орайда Президент мемлекетіміздің басты құндылықтарына тоқталып өтті. Оның айтуынша, ең басты құндылығымыз – ел бірлігі.

Еліміздің бүтіндігі, жеріміздің тұтастығы, қоғамның тұрақтылығы және тыныштығы берекелі бірліктен басталады. Тіліне, дініне, нәсіліне қарамастан Қазақстанның барша азаматтары – біртұтас халық, біртұтас ұлт. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысының сөзінше, бұл – ешқашан мызғымайтын қағида. "Себебі, бұл қағида еліміздің тұрақтылығын, жалпы айтқанда, қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", деп ойын түйіндеді Президент.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: