11 миллионнан астам қазақстандық сайлаушылар тізіміне енді
Сурет: Zakon.kz
Кезектен тыс Президент сайлауына төрт күн қалды. 20 қарашада өтетін саяси додаға елімізде 10 101 учаске әзірленді, оның ішінде 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп жазады qazaqstan.tv.
Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы сайлауда дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің мәтінін бекітті.
Әрі ел бойынша 11 миллионнан астам сайлаушылардың тізімі жасалды.
Бұдан бөлек, 35 шет мемлекеттен сайлауға 641 халықаралық байқаушы аккредиттелген. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруді өткізу рәсімдерінің барынша ашықтығын және демократиялығын қамтамасыз етеді,- деді Нұрлан Әбдіров.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript