17 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

қар, қыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 18:39 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанда 17 қараша күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауа райы болжамына сәйкес, республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр мен қар жауады.

Республиканың барлық аумағында тұман, көктайғақ, күшті жел, сонымен қатар бұрқасын болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады. Түстен кейін аздаған қар жауады. Батыстан соғатын жел екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -12...-14°С, күндіз -7...-9°С.

Алматыда бұлтты. Түнде қар, тұман, көктайғақ. Жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°С, күндіз 0...+2°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады. Түннің бірінші жартысында қар жауады. Түнде және таңертең тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан екпіні 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -5...-7°С, күндіз +5...+7°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: