Президент сайлауын мыңға жуық тәуелсіз бақылаушы қадағалайды

"HAQ" қоғамдық қоры, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2022 15:59 Сурет: "HAQ" қоғамдық қоры
Мыңға жуық тәуелсіз бақылаушы кезектен тыс президент сайлауының ашық әрі әділ өтуіне атсалыспақ. Бұл туралы "HAQ" қоғамдық қорының атқарушы директоры Тоғжан Қожалы Астанадағы белсенді жастар және қоғам белсенділерімен кездесуде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

"HAQ" қоғамдық қоры – 20-қараша күні өтетін кезектен тыс президент сайлауына тәуелсіз бақылау жүргізетін бірден бір ұйым. Қор белсенділері мұндай жауапты жүкті биыл төртінші рет алып отыр. Тоғжан Қожалының айтуынша, осы 1000 шақты азамат еліміздің 11 аймағындағы сайлау учаскесінде бақылаушы болады.

"Тәуелсіз бақылау демократиялық қоғам құру үшін керек. Сайлауға тәуелсіз бақылаушылар көп қатысса, саяси науқан әділ өтеді. Ол үшін әр сайлау учаскесінде 2 бақылаушы болуы қажет. Елде 12 мыңнан астам сайлау учаскесі бар болса, 20 мыңнан астам бақылаушыны жұмылдыруымыз керек", - дейді Тоғжан Қожалы.

Халық сайлаудың әділ өткеніне күмәнданбас үшін "HAQ" қоры бақылаушыларды өзі оқытады. Бақылаушылардан әр өңірде топтар мен штабтар құрылады. Осылайша қор сайлаудың соңына қарай халыққа, шетел елшіліктеріне, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына сайлау қалай өткені туралы есеп бермек.

Әр өңірде тәуелсіз бақылаушы болатын адамдар саны:

  • Астанада 100 бақылаушы

  • Алматыда 200 бақылаушы

  • Шымкентте 200 бақылаушы

  • Ақтөбеде 150 бақылаушы

  • Қарағандыда 70 бақылаушы

  • Алматы және Жетісу облысында 150 бақылаушы

  • Байқонырда 2 бақылаушы

  • Ақтауда 100 бақылаушы

  • Павлодарда 5 бақылаушы

  • Қостанайда 5 бақылаушы

Жалпы 982 адам бақылаушы болады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: