Алматы полицейлері көлік жүргізушісін құтқарып қалды
Сурет: polisia.kz
Алматы қаласының полицейлері жолда талмасы ұстаған жүргізушіні құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz басылымының жазуынша, бұл жағдай 16 қараша күні болған. Полицейлер Шемякин көшесінде кетіп бара жатқан Toyota көлігінің бұралаңдап барып, бағанаға соғылғанын байқап, тоқтады. Кейін белгілі болғандай, көлік рөліндегі 55 жастағы жүргізушінің талмасы ұстап қалған екен.
Алматы қалалық полиция департаментінің Айдауылдау қызметі батальонының командирі Алмаз Қахаровтың сөзінше, полиция қызметкерлері Еркебұлан Исаханов пен Ерболат Булат, Шыңғыс Қасым және Әбілқайыр Ержан ер адамның көліктен шығуына көмектесіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, есін жиғызып, жедел жәрдем шақырған.
Қазіргі уақытта ер адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, – дейді ол.
Жүргізуші полицияға жедел әрекет етіп, дер кезінде көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript