Астанада шетелге ұшатын жолаушыларды тіркеу уақыты өзгерді

ұшақ, әуежай, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2022 13:27 Сурет: primeminister.kz
Елордада халықаралық бағыттарда жол жүретін жолаушыларды тіркеу уақыты өзгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, шетелге ұшатын жолаушыларды тіркеу әуе кемесі жөнелтілгенге дейін екі сағаттан кешіктірмей (әуе кемесі мен жолаушылардың санына байланысты) басталады.

Бұрын тіркелу ұшуға дейін үш сағаттан кешіктірілмей басталатын.

Ішкі бағыттарға ұшатын рейстер үшін ұшуларды тіркеу уақыты өзгеріссіз қалады, яғни ұшуға 1,5 сағат қалғанда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: