Алматыда балалар үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған екі ұл бала іздестіріліп жатыр
Сурет: poisk-lider.kz
17 қараша күні таңертең Алматыдағы №1 облыстық балалар үйінен Денис Щербинин мен Андрей Осокин есімді екі бала шығып, қайтып оралмаған. Алматы полициясы бұл фактіні растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Денис Щербинин, 2009 жылы туған.
Сипаттама: бойы 160 см, шашы қоңыр, көзі қоңыр. Ол үстіне жасыл спорт костюмін, аяғына көк сланцы киген.
Андрей Осокин, 2013 жылы туған.
Сипаттама: бойы 140 см, шашы қоңыр, көзі қоңыр. Үстінде жасыл күрте, аяғында қоңыр етік болған.
Ер балалар Алматы қаласының кез келген ауданына кетіп қалуы мүмкін.
Балаларды анықтау үшін арнайы іздестіру топтары құрылды», - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.
Ұлдардың балалар үйінен не себепті кеткені анықталып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript