СҚО-да еліктерді заңсыз аулаған бес тұрғын ұсталды

Браконьерлер ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2022 15:49 Сурет: polisia.kz
Есіл ауданының Амангелді ауылында жабайы жануарларды ілеспе құжаттарсыз мүшелеу кезінде 58, 66, 46, 45, 39 жастағы СҚО тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнынан бес сібір елігінің мүшеленген еті, бес атыс қаруы тәркіленді.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 337-бабының 3-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, деп жазады Polisia.kz.

Сараптамалар тағайындалды.

Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: