Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО-да сайлау учаскесіне 90 жастағы "генерал әжей" бүкіл отбасын ертіп келді

Сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 17:41 Сурет: Zakon.kz
СҚО, Қызылжар ауданы, Бәйтерек ауылында отбасы "генерал әжей" деп құрметтеп, айтқанын екі етпейтін 90 жастағы көпбалалы кейуана сайлау учаскесіне балаларын, немерелері мен шөберелерін де ертіп келді. Ол бала-шағасының қалай дауыс бергенін сырттай бақылап отырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гүлсім Мырзақұлова - 6 ұл мен 6 қыздың анасы, 45 немеренің әжесі. Оған қоса 120 шөбересі мен 4 шөпшегі бар. Осы үлкен отбасының тұтқасын ұстап, барлығын иіріп отырған көшбасшы - Гүлсім Мырзақұлова.

Сайлау күні 90 жастағы Гүлсім Мырзақұлова бүкіл отбасы мүшелерін сайлау учаскесіне ертіп келді. Отбасының 45 мүшесінің ішінен жақын жерде тұратындары - 17 адам Гүлсім апамен дауыс беруге келді.

Олар ауыл мектебіндегі сайлау учаскесінің табалдырығын аттаған кезде айналадағы көпшілік Мырзақұловтардың қаншалықты тату әрі ұйымшыл отбасы екенін көріп, тәнті болды. Отбасының өзі мұндай ұйымшылдыққа мүлдем таң қалмайды.

"Біздің әжеміз - бас қолбасшы. Әкемнің, яғни әжемнің баласының телефонында "Генерал" деп жазылып тұр. Барлық ұлдары анасын осылай атайды. Әже айтты, бітті, орындалуы тиіс. Ол кісінің айтқаны талқылауға жатпайды. Біздің әжеміз солтүстікте тұрып, арадағы мыңдаған шақырым қашықтыққа қарамастан, біздің отбасымыздағы барлық дүниені бақылап, реттеп отырады. Біз оны қатты жақсы көреміз, оның барлық тапсырмаларына құрметпен қарап, әжемізді жоғары бағалаймыз. Бәріміз де сол кісіге ұқсауға тырысамыз. Барлық бала-шағасы осы туған жер - Бәйтеректе дауыс бергісі келген, бірақ Астана мен Алматыдан көбісі келе алмады, билет сатып алып үлгермеді", – деді немересі Жанар Сотиболдиева.

Гүлсім әжейдің өмір тарихы өз отбасының бақыты үшін күрестен тұрады. 11 жыл бұрын ол Өзбекстаннан отбасымен бірге Солтүстік Қазақстан, Бәйтерек ауылына көшіп келген. Мұнда олар іс жүзінде жаңа өмір бастады, солтүстіктің аязына үйреніп, жаңа ортаға бейімделуге тура келді. Ол үйдің отанасы да отағасы да болды. Өйткені ол кісінің зайыбы 1994 жылы дүниеден озған.

"Ең бастысы, менің отбасым отанына оралды. Біздің болашақ ұрпағымыз осында тұрып, осында өмір сүреді. Біз балаларымыздың болашағы үшін дауыс беруге келдік", - дейді Гүлсім Мырзақұлова.

Сайлау учаскесінде бүкіл отбасы бірге таңдау жасағаннан кейін барлығы үлкен дастархан басында әжесінің үйіне жиналды. Бұл күн отбасы үшін мерекеге айналды.

Дауыс беру, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 17:41

Сурет: Zakon.kz

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: