Қазақстанда кейбір энергетикалық нысандарды жекешелендірудің негізділігі тексерілетін болады

Әлихан Смайылов жиын өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2022 09:01 Сурет: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
23 қарашада Әлихан Смайылов Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокуратураға еліміздегі бірқатар энергетикалық нысандарды жекешелендірудің негізділігін тексеру тапсырылды.

Отырысқа қатысушылар бұған дейін квазимемлекеттік сектордан бәсекелес ортаға жеңілдетілген бағамен берілген қаржы ұйымын республикалық меншікке қайтару шарттарын да талқылады. Аталған факті бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығына және цифрлық медициналық жүйелерге арналған өнеркәсіп өнімдерін өндірумен айналысатын кейбір компанияларға қарсы монополияға қарсы шаралар қарастырылды.

22 қарашада Әлихан Смайылов үкіметтің алдағы жеті жылдағы басты міндетін атады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: