Діни мазмұндағы кітаптарды заңсыз сатқан шымкенттікке айыппұл салынды

Діни кітап сатқандар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2022 14:38 Сурет: polisia.kz
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері экстремизмге қарсы іс-қимыл бағытында қарқынды жұмыстар атқаруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтсақ, осы жылдың қараша айында Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 40 жастағы тұрғыны ұсталды.

Ол діни мазмұндағы кітаптарды заңсыз сатып жүргені анықталды.

Аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағы (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мамандандырылған әкімшілік сотымен жергілікті тұрғынға 50 АЕК мөлшерінде, яғни 153150 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: