Алматыда қалта ұрысынан бес телефон тәркіленді
Сурет: ҚР ІІМ
Алматыда қалта ұрысынан бес телефон тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, полиция қызметкерлері смартфон ұрлады деген күдікпен әйел адамды ұстады.
Солтүстік айналма жолының бойындағы Алатау-2 базарында қалта ұрлығымен айналысқан К. есімді азаматша ұсталды. Қыздың күртешесінің қалтасынан Samsung телефонын шығарып алған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ұстау кезінде одан бес телефон тәркіленді. Қазір тергеушілер әйелдің Алматының басқа да аудандарында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр, – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript