Соңғы 10 айда Алматыдағы «Сергек» қанша заң бұзушылықты анықтады

Сергек қанша заң бұзушылық анықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2022 09:56 Сурет: Zakon.kz
Алматыда «Сергек» 10 айда 900 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады. 2022 жылы қалада 766 «Сергек» камерасы орнатылған, сонымен қатар 5 034 фото және бейне бақылау камерасы жұмыс істейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ағымдағы жылдың соңғы 10 айында «Сергек» 939 029 жол жүру ережесін бұзу фактісін тіркеді.

Оның ішінде:

  • белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 592-бабының 1,2,3-бөліктері бойынша– 394 723:

  • тыйым салатын бағдаршамға өту, ӘҚБтК-нің 599-бабының 1-бөлігі бойынша– 1 164;

  • жол белгілерінде немесе жолдың жүру бөлігін таңбалауда көзделген талаптарды сақтамау, ӘҚБтК-нің 601-бабының 1-бөлігі бойынша– 543 142.

Сергек Алматыда 2019 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді.

Қарашаның 25-і күні Алматы қаласының тұрғыны Елжан Түсеев оңтүстік астанада соңғы уақытта 10 балдық кептеліс байқалғанына назар аударды. Оның екі себебі бар екенін айтты: «Сергек» камералары және бағдаршамдағы таймерлер.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: