Абай облысында тас жолда қалған рейстік автобустың жолаушылары құтқарылды
Сурет: видеодан скриншот
27 қараша күні Үржар ауданындағы Алматы тас жолында 40 жолаушысы бар автобус кептеліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Rolisia.kz сайтының хабарлауынша, көлік Тарбағатай ауданына қарасты Ақжар ауылынан шығып, қарлы боран салдарынан соңғы межесіне жете алмай қалған.
Полиция мен төтенше жағдайлар қызметі жолда тұрып қалған барлық жолаушыларды эвакуациялап, жақын маңдағы елді мекенге орналастырды.
28 қарашада Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript