30 қараша – дүниежүзінде пілдер күні
Пілдер күнінің мақсаты – жер бетінде пілдердің азаюы мәселесіне адамдардың назарын аудару.
"Осы күнге орай біз зообағымызға келушілердің сүйікті жануарларының бірі – Ару мен Лао жұбына ерекше құрмет көрсетеміз", - деп жазды Алматы зообағы Instagram-дағы парақшасында.
Піл туралы Алматы зообағы жариялаған деректер:
Піл тұмсығының салмағы шамамен - 180 келі. Бірақ үлкен мөлшеріне қарамастан, піл өз тұмсығының көмегімен жерден ең кішкентай нәрсені де ала алады.
Пілдің тұмсығында 40 мыңнан астам бұлшықет бар. Пілдер суға шомылуды, жүзуді және сүңгуді жақсы көреді.
Пілдің терісі қалың болып көрінгенмен ол өте сезімтал. Тіпті шыбынның қонуы да оның терісін тітіркендіреді. Дәл сол себепті пілдер балшықта аунағанды жақсы көреді. Теріге жабысқан балшық оларды күннен және зиянкестерден қорғайды.
Пілдер жүгіре алмайды және секіре алмайды. Ауыр салмақ олардың төрт аяғын бірден жерден көтеруге мүмкіндік бермейді.
Пілдер өздерін айнадан тани алады. Адамдардан басқа маймылдар, шаяндар, дельфиндер де осындай қабілетке ие. Вегетариан пілдер күніне 250 келіге дейін тамақ жейді. Пілдің тістері өмір бойы жаңарып тұрады.
Хайуанаттар бағында пілдерге жылына екі рет арнайы "педикюр" жасап, өсіп кеткен тырнақтарын кесіп, аяғын тазартады. Жабайы табиғатта пілдер аяқтарын тасқа үйкеп, шөпке сүртіп тазартады.