Жаңалықтар тізбегі
0

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев жұмыс сапарымен Францияға барды

Бәйтерек басшысы Францияға барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2022 15:00 Сурет: baiterek.gov.kz
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев жұмыс сапарымен Француз Республикасына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына ресми сапармен барды.

Сапар шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Total Energies, Soufflet Group, BPI France, Alstom, Airbus, Rungis Semmaris және т.б. ірі компаниялардың басшылары қатысқан «Қазақстан-Француз инвестициялық дөңгелек үстеліне» қатысты.

Бәйтеректің басшысы Францияға барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2022 15:00

Сурет: baiterek.gov.kz

Дөңгелек үстел барысында Ұлттық холдинг басшысы Холдингтің елдің экономикалық дамуындағы қызметі мен рөлі туралы айтып, экономиканың түрлі салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтудің маңыздылығына ерекше тоқталды.

«Холдингтің миссиясы - Қазақстан экономикасын әртараптандыруға және оның тұрақты дамуына тиімді үлес қосу. «Бәйтерек» өзінің сегіз еншілес компаниясы шеңберінде индустриялық-инновациялық дамуды, ұлттық өнім экспортын ілгерілетуді, шағын және орта кәсіпорындарды, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды, сондай-ақ тұрғын үй-құрылыс секторын дамытуды қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Холдинг басшысы.

Сонымен қатар, Қ. Шарлапаев Credit Agricole, Rungis, Societe Generale, Вpifrance, AFD сияқты Франция Республикасының бизнес қоғамдастығының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Бәйтерек басшысы Францияға барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2022 15:00

Сурет: baiterek.gov.kz

Тараптар өзара тиімді инвестициялық ынтымақтастықты қарастыру үшін бизнес-диалогты жалғастыруға ниет білдірді.

Айта кетейік, Қазақстан мен Франция экономикалық қызметтің түрлі салаларында белсенді ынтымақтасуда, ғылым, білім, денсаулық сақтау және басқа да басым бағыттар салаларын бірлесіп дамыта отырып, инвестициялық, сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: