"Үйлер тоналып жатыр": Екібастұз полицейлері күшейтілген режимге көшті
Сурет: polisia.kz
Үйлер тоналып жатқандықтан, әлеуметтік желі қолданушылары екібастұздықтарды үйін иесіз қалдырмауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Екібастұзда үйлер тоналып жатқаны туралыақпарат Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланды.
Екібастұз қаласының полиция басқармасы қала полицейлері "қызметтің күшейтілген тәртібіне көшкенін" атап өтті.
"Егер күдіктілерді байқасаңыз, дереу "102", "112" нөмірлеріне қоңырау шалыңыз", – дейді полицейлер.
Қарашаның 27-сіне қараған түні апат салдарынан Екібастұзда жылу мен ыстық су беру тоқтатылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript