Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы зообағы үкілер туралы қызық деректер бөлісті

Үкілер күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2022 18:38 Сурет: Instagram/almatyzoo
Алматы хайуанаттар бағының мәліметінше, 1 желтоқсан – Үкі күні болып белгіленген. Үкілер негізінен түнде белсенді тіршілік етеді. Қараңғыда көздері жақсы көреді. Олар айналасын үш өлшемде көре алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы зообағы атаулы күнге орай Instagram-дағы парақшасында үкілер туралы деректер жазды.

  • Үкі - білім мен даналықтың нышаны. Қазақ халқы үкінің нәзік қауырсындарын жамандық атаулыдан, тіл-көзден қорғайды деген сеніммен бас киімге, домбыраға тағады.

  • Адамдар үкі мен жапалақтың мистикалық, тылсым қасиеттері бар деп есептеген.

  • Үкілер негізінен түнде белсенді тіршілік етеді. Қараңғыда көздері жақсы көреді. Олар айналасын үш өлшемде көре алады.

  • Үкінің үлкен көзі тек алдындағы кеңістікті ғана жақсы көреді. Бірақ ол басын 270 градусқа бұрып, айналасында, артында не барын көру қабілетіне ие.

"Зообағымызда бұл құстардың бірнеше түрі бар. Бізде 43 жапалақ, 2 поляр үкісі, бір ұзынқұйрықты, үш құлақты, екі сақалды жапалақ және 10 сипуха бар. Биыл сипуха алғашқы рет балапан шығарды. Ал жапалақтар өте сирек балапан басады. Үкілерді арнаулы күнімен құттықтаймыз!" - делінген Алматы хайуанаттар бағының хабарламасында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: