Алматыда екі жігіт жұмысшыларды балтамен қорқытып, жанармай құю бекетін тонап кетті
Сурет: polisia.kz
Жанармай құю бекетіне шабуыл түнгі сағат екіде болған. Бетперде киген екі белгісіз ер адам жанармай құю бекетіне баса көктеп кірген. Олардың қолында шеге суырғыш пен балта болған. Бұзақылар 100 000 теңге мен екі ұялы телефонды ұрлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шабуылшылар кассир мен күзетшіні қосалқы бөлмеге қамап тастаған. Бұдан кейін олар кассадағы ақша мен қызметкерлердің ұялы телефондарын алып, көзден таса болған. Алайдың олардың бұл әрекеті камераға түсіп қалды.
Күдіктілер сол күні ұсталды. 1999 жылы туған Т. есімді азамат пен 2000 жылы туған М. есімді азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі (Тонай) бойынша іс қозғалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript