Scat Boeing ұшағының "Шереметьево" әуежайына апатты жағдайда қонғанын растамады

Scat, "Шереметьево" әуежайы,  Boeing 737-300, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2022 15:32 Сурет: Zakon.kz
Қазақстандық Scat әуе компаниясы Астанадан Мәскеуге ұшқан Boeing 737-300 ұшағының Шереметьево әуежайына апатты жағдайда қонғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

РИА Новости басылымына Жедел қызмет өкілінің хабарлауынша, ұшақ гидравликалық жүйедегі техникалық ақауға байланысты апатты жағдайда қонды, адамдар зардап шеккен жоқ.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Scat компаниясына сауал жолдады.

"Ақпарат шындыққа жанаспайды, ұшақ қалыпты жағдайда қонды", – деді әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: