Жаңалықтар тізбегі
0

Доллар мен еуро қымбаттады

Теңге, еуро, доллар, юань, рубль, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2022 15:57 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 0,06 теңгеге көтеріліп, 469,17 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы күрт көтеріліп, 67,58 теңге (+1,02) болды.

Еуро мен Ресей рублімен сауда жасалған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 493,74 теңге, рубльді 7,59 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 469,5-473 теңге, еуро 490,5-500,5 теңге, ресей рублі 7,27-7,42 теңге аралығында саудаланып жатыр.

5 желтоқсандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстері 1,50%-ға өсіп, барреліне 87,08 доллар болды.

Қаңтардағы WTI фьючерстерінің бағасы барреліне 1,30%-ға өсіп, 81,28 долларға жетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: