Екібастұз қаласының тұрғыны Қарағандыдан келген ТЖД қызметкерлеріне алғыс білдірді
Кристина Асмус алғыс айтқан видеосын 5 желтоқсанда Instagram-дағы парақшасында жариялады.
"Әрқайсыларыңыз біздің кішкентай жеңісімізден құлағдар болып, қуанышымызға ортақтасаңыздар деймін!" делінген видео сипаттамасында.
Ол Қарағандыдан көмекке келген жігіттердің ерен еңбегінің арқасында пәтерлерге жылу келіп жатқанын атап өтті.
"Көп Рахмет әрі әрқайсымыздың атымыздан бас иіп, алғыс білдіремін. Үлкен жұмыс атқарылды. Солардың арқасында кәріз жүйесі тазартылып, жертөлелерден су сорып алынып, жертөлелер қыж-қыж қайнай бастады. Өздері түні бойы біздің подъезге батарея құбырларын әкеліп түсірді. Тәулік бойы бізбен бірге болды", - дейді қала тұрғыны.
"Осындай риясыз және шынайы адамдарға қарап, Екібастұз пәтерлеріне жақын арада толығымен жылу оралады деп сенеді екенсіз!"- деп сөзін қорытындылайды Асмус.
27 қарашаға қараған түні Екібастұз қаласы апатқа байланысты жылусыз әрі ыстық сусыз қалды. Энергетика министрлігі жылу құбырларының азып-тозуы жоғары деңгейде екенін атап өтті.
28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды.
4 желтоқсанда тұрғын үйлердің барлық жертөлелеріне жылу берілгені хабарланды.
Екібастұзда барлығы 689 көпқабатты тұрғын үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылған.