Жаңалықтар тізбегі
0

Қос елдің жастары әріптестік-достық байланыс орнатпақ

Қызылорда облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2022 15:51 Сурет: Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасына қарасты "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласындағы Ресей Федерациясының жастарына Сырдың бас шаһарына арнайы экскурсия жүргізілді.

Экскурсия барысында ең алдымен 40-тан астам Ресей Федерациясының жастары Қармақшы ауданында орналасқан "Қорқыт Ата" мемориалдық кешеніне барып, түркі жұртына ортақ зиярат ету орнымен танысты. Кешен жанынан ашылған мұражай экспозициясындағы құнды материалдармен танысып, мол мағлұмат алды.

Байқоңыр жастары мұнан кейін Қызылорда қаласына келіп, облыстық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің жұмысымен танысты. 2019 жылдан бері аймақ жастарын әдістемелік сүйемелдеу мен жан-жақты қолдау мақсатында ашылған орталық ғимаратының құрылысы, арнайы жабдықталуы мен креативті дизайны Ресей жастарына айрықша әсер қалдырды.

Қызылорда облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2022 15:51

Сурет: Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы

Экскурсия барысында Ресей Федерациясының Мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт басқармасының басшысы Ким Жанна Нукатаевна Жастар ресурстық орталығының басшылығына шексіз ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта тығыз әріптестік байланыс орнатуға тілектестік білдірді. Сонымен қатар, арнайы сый-сияпатын ұсынды.

Өз кезегінде, облыстық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі директорының орынбасары Ерлан Мырзалыұлы барша қонақтарға алғыс айтып, арнайы қонақкәде ұсынды.

Байқоңырлық жастар облыс орталығына сапары барысында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне де бас сұқты. Мұнда экскурсовод тарихи жәдігерлер мен құнды мұралар жөнінде қос тілде қатар таныстырып, ресейлік азаматтарға сыр өлкесі жайында жаңа ақпараттар жеткізді.

Экскурсия соңында қос елге қатар мәлім музыкант Батырхан Шүкенов атындағы саябаққа барып, барлық жастар естелік суретке түсті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: