Жайма және жартылай фабрикатталған өнімдерін өндіретін цех іске қосылды

Қазір дүкен сөрелерінде жартылай дайын тамақтың түрі көп. Жұмыстан қолы босамайтындар мен студенттерге бұл қолайлы. Үйге барып пісіріп алсаңыз жеткілікті.
Бұл ретте, осы жылдың тамыз айында жартылай фабрикатталған өнімдерді дайындайтын "Айша-Бибі" кәсіпкерлік нысаны Қызылорда қаласында жұмысын қолға алды. Онда түшпара, манты самса, жайма және басқа да өнімдер дайындалады.
Ұлпан Жаппасбаева биыл кәсібін кеңейту мақсатында "Микробизнес Қызылорда" өңірлік инвестициялық орталығынан" 6 пайыздық мөлшерлемемен 3,5 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды.

Сурет: Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы
Қазіргі кезде цехта жартылай фабрикатталған өнімнің 11 түрін өндіріп, қаладағы 20–дан астам бөлшек сауда желілерін қамтамасыз етуде.

Сурет: Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы
"Кәсіп бастағанда тек үш түрлі өнім шығардық. Әлеуметтік желіде парақша ашып, тұтынушылармен тұрақты байланыс орнатудамыз. Ал қазір қала тұрғындарына едәуір танылып, өнім 11-ге дейін ұлғайттық. Күніне әр тауар түрінен 10-15 килограмм өнім өндіріледі. Ең жоғары сұранысқа ие өніміміз – тұшпара мен жайма. Өнім сапасын куәландыратын лицензия алдық. "Ақырын жүріп, анық бас" демекші, алдағы уақытта кондитерлік өнім түрлерін шығаруды жоспарлаудамыз", – дейді кәсіпкер.
Дайындалуы қиын, бірақ дәмді тағам түрін өндіру қажырлы еңбек пен табандылықты талап ететінін атап өткен жөн.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript