Көктайғақ, тұман және жел: Қазақстанның 4 облысында дауылды ескерту жарияланды
![Тұман, көктайғақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2022 18:33](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-be463cfd-6b08-40cf-a57f-c0fcd3e64db1/800x451.webp)
7 желтоқсанда Қазақстанның 4 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметіне сай, Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерінде тұман және көктайғақ болады. Солтүстік-батыста тау асуларында 15-20 м/с дейінгі жел соғады.
Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында түнде және таңертең тұман мен көктайғақ күтіледі.
8-9 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.
Қостанай облысының солтүстігінде де тұман күтіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript