Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның Еңбек ері екібастұздықтарға көмек қолын созғандарға алғысын айтты

Екібастұз, ЖЭО, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2022 17:16 Сурет: Facebook/Рышат Амренов
Екібастұздың жылу электр орталығындағы апаттан кейінгі негізгі қиындықтар еңсерілді. Бұл жөнінде 7 желтоқсанда Қазақстанның Еңбек ері Рышат Әміренов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рышат Әміренов көпшілік ескі бейнежазбаларды, фото және хабарламаларды таратып жатқанын жазыпты.

"Кейбіреулер әдейі асыра сілтеп жіберді. Бірақ теріс бұрмалап, өршітудің қажеті жоқ! Қалада 700-ге жуық көпқабатты үй болса, 71-і жылусыз қалды, яғни жалпы санның 10%-ға жуығы". Қазақстанның Еңбек Ері Рышат Әміренов.

Қазір бұл үйлердің бәріне жылу беріліп жатыр. Оның айтуынша, жылу режимі жақсарып келеді.

"Ақау шыққан радиаторлар ауыстырылып жатыр, залалға өтемақы төленеді, жарық пен жылудың ақысы қайта есептеледі. Орасан зор жұмыс істелді әлі де істеліп жатыр. Оқиғаға кінәлілер жазаланатынына сенімдімін, ал біз, екібастұздықтар тексеру барысын жіті қадағалап отырамыз",  деп жазды Рышат Әміренов.

Рышат Әміренов қала тұрғындарына және барша халыққа көмек қолын созғаны үшін алғыс айтты.

"Көмекке мұқтаж жандардан көрі көмектескісі келгендер көп! Еріктілер, журналистер, бизнесмендер, өнеркәсіп алпауыттары бізбен бірге болды! Сіздердің демеуіңізбен біз қиындықтарды жеңеміз! Бәріне мың алғыс!".Рышат Әміренов

Қарашаның 27-не қараған түні апат салдарынан Екібастұзда жылу мен ыстық су беру тоқтатылды. Энергетика министрлігі жылу құбырларының әбден тозығы жеткенін мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: