Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің үш өңірінде ескерту жариялады

Ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2022 22:43 Сурет: pxhere
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазгидромет РМК мәліметінше, 8 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік шығыстан жел соғады, соққан желдің тау асуларындағы екпіні 15-20 м/с жетеді.

8 желтоқсанда Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.

8-9 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, қар ұшқындайды деп күтіледі. Солтүстік шығыстан солтүстік батысқа ойыса соққан желдің таулы аудандардағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Тараз қаласында 8-9 желтоқсанда тұман болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: