Алматыда және еліміздің өзге де қалаларында қақаған аяз сақталып қала береді
Сурет: pixabay
Қазақстанда орын алған аяз 11 желтоқсанда да өз күшін сақтайды, бірақ республикамыз бойынша жауын-шашынды ауа райы күтілмейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.
Алматыда күн құбылмалы, бұлтты, сынап бағаны күндіз -14 , түнде -14...-16 градус суықты көрсетеді.
Астанада да күшіне мінген аяз сақталады, сынап бағаны күндіз -12...-14 және түнде -21...-23 градусқа дейін төмендейді, соққан желдің екпіні 9-14 м/с құрайды.
Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, күндіз -11, түнде -14...-16 градус суық.
Павлодарда күн бұлтты, кей аумақта қар жауады, күндіз -14, түнде -15...-17 градус суық, қатты жел болады деп күтілмейді.
Қызылордада аспан ашық, күндіз -16, кешке -15...-17 градус суық, соққан желдің екпіні 4 м/с болады деп күтіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript