Қазақстанда 33 градусқа дейін аяз болады

Қар, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2022 12:35 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 17-19 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елімізде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, 33 градусқа дейін аяз болады, деп хабарлайды Zakon.kz
Алдағы үш тәулікте Қазақстанға Қара теңіз аймақтарынан келетін ауқымды антициклон ықпал етеді. Салдарынан ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.Қазгидромет синоптиктері

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, тек қиыр солтүстікте және республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда, фронтальді бөлімдердің әсерінен қар жауады.

Солтүстікте түнде 10-23 градус, орталықта және шығыста 17-27 градус, жекелеген өңірлерде 33 градус, оңтүстікте 5-15 градус аяз болады деп болжанды.Синоптиктер

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда көктем жылы болатынын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: