Солтүстік Қазақстанда 28 градусқа дейін аяз болады

қар, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2022 11:30 Сурет: pixabay
Синоптиктер 10-12 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың болжауынша, алдағы күндері аяз және қатты жауын-шашын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның солтүстік жартысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз, ауа температурасы біршама төмен болады. Түнде бұл аймақтарда термометрлер 17...28 градус аязды көрсетеді. «Қазгидромет»

Республиканың батысында және оңтүстігінде жауын-шашын болады. Еліміздің батыс облыстарында қар болып, ол қарлы боранға ұласады.

Оңтүстікте таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын болады. Сонымен қатар тұман басып, көктайғақ болады.

Сонымен қатар Қазақстан аумағында желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді деп болжанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: