Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұзда жылу желілеріндегі апатты жою жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2022 17:32 Сурет: primeminister.kz
Желіде Екібастұздағы жылу желілеріндегі апатты жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың видеосы пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода кеңес заманында жер астына салынған құбырға жету үшін мамандар арнайы техниканың көмегіне жүгініп, қалың бетондарды талқандап алуға мәжбүр. Осы бір видеодан-ақ жүргізілген жұмыстың ауқымды әрі ауыр екенін аңғаруға болады. Оның үстіне қақаған суықта тәулік бойына бұл мамандар барын салып, қысқа уақыт ішінде 150 мың халқы бар қаладағы ірі апаттың көзін жойды. Сондықтан ісіне мығым, кәсібіне адал бұл жігіттерді бүгіннің батыры демегенде кім дейміз?..



27 қарашада жылу желілерінде апат орын алып, 150 мың халқы бар Екібастұз қаласы 30 градус аязда жылусыз қалды. Жөндеу және қалпына келтіру бригадалары тәулік бойы 3 аптаға жуық жұмыс істеді. Үйлердің жылуға қосу кезең-кезеңімен жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда көрген қорқынышты түстей болған бұл мәселе өз шешімін тапты: 11 желтоқсандағы жағдай бойынша барлық зардап шеккен үйлерге жылу берілді. Жоспарға сәйкес, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары 15 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс еді.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, барлық қиындықтарға қарамастан, жұмыс қысқа мерзім ішінде атқарылды. Жұмыстың күрделілігі мен апатты жою жұмыстары бірнеше кезеңді қамтитындығына қарамастан осы мақсатқа тартылған мамандар өз мойындарына жүктелген міндетті қысқа мерзімде сәтті атқарып шықты. Қалада төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап жедел штаб құрылып, барлық қажетті мамандар жан-жақтан тартылды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары үшін 15 бригада құрылды, оның 10-ы ақауды жоюмен тікелей шұғылданды. Апатты жоюға барлығы 851 адам жұмылдырылды.

Айта кетсек, 28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды.

Кейін Энергетика министрлігі Екібастұздағы апат ЖЭО-да емес, жылу желілерінде болғанын нақтылады.

4 желтоқсанда тұрғын үйлердің барлық жертөлелеріне жылу берілгені белгілі болды.

7 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы ТЖ бойынша мұқият талдау жүргізуді тапсырды.

ТЖ режимі 8 желтоқсанда өз күшін жойды.

11 желтоқсанда Екібастұз қаласының әкімі төтенше жағдай кезінде зардап шеккен қала тұрғындарының электр энергиясы шығындары өтелетінін мәлімдеп, оның жолын түсіндірді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: