Қазақстанның қай автожолдарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі
2 шілдеде еліміздің қай автожолдарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, "Ақтөбе-Қарабұтақ" автожолының учаскесінде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жол учаскесінің ұзындығы 202 шақырымды құрайды. Оның 66,1 шақырымында жол жабынын тегістеу жұмыстары, сондай-ақ 22,5 мың м2 ауданда шұңқырлы жөндеулер жүріп жатыр.
Жамбыл облыстық филиал мамандары "Тараз-Қайнар" автожолының 274-275 шақырымы аралығында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысы А-16 "Жезқазған-Петропавл" автожолының 686-706 шақырымы аралығында орта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз: Астанада ШЫҰ кезінде қандай жолдарда қозғалыс уақытша шектеледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript


