Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбелік зейнеткер тірілер қатарынан шығып, зейнетақысын да ала алмай жүр

Зейнеткер, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2022 00:50 Сурет: pixabay
Ақтөбелік зейнеткер 3 айдан бері өзінің тірі адам екенін дәлелдей алмай жүр. Емханадағы статист-дәрігер жеке сәйкестендіру нөмірінде бір санды қате жазып, ол өлілер тізіміне еніп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" телеарнасының хабарына қарағанда, Ромахан Кенжебаевтың қазір барлық құжаты жарамсыз болып қалған. Емхана сол кезде қателігін бірден мойындап, құжаттарын реттеп берген, бірақ зейнеткер үш айдан бері өзіне тиесілі зейнетақысын ала алмай жүр.

"Үш ай бұрын басталды. Мені өлтіріп тастады. Зейнетақымды ала алмай жүргеніме үш ай болды. Әр күні ертең, ертең, арғы күні ертең дейді". Қала тұрғыны Ромахан Кенжебаев

"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының облыстық филиалына зейнеткердің "қаза болғаны" туралы мәлімет 7 қазанда түскен. Заң бойынша келер айдан бастап зейнетақы төлеу тоқтатылған. Ал қателік кеткенін бұл орталықтың мамандары тек үш апта бұрын ғана естіпті.

"Мәлімет анықталған бойда Азаматтарға арналған үкімет корпорациясының қызметкерлері барлық шараны орындап, аталған азаматтың зейнетақысы алдағы айдың 1-нен бастап жүргізіледі, - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Ақтөбе облыстық филиалының PR-менеджері Қала тұрғыны Ромахан Кенжебаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: