Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылықтарға қауіпті су айдындары туралы ескертілді

Алматылықтарға қауіпті су айдындары туралы ескертілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2022 11:18 Сурет: Алматы ТЖД
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматыда қыста қауіп төндіретін 10 су қоймасы бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түрксіб ауданында – Аэропорт көлі, Қарасу өзенінің артқы ағысы, Пархач көлі, Қайрат шағын ауданындағы тоған.

Жетісу ауданында – Кемел шағын ауданындағы Первомай тоғандары.

Медеу ауданында – Көлсай шағын ауданындағы атауы жоқ су қоймасы, Сұлусай шағын ауданындағы Юннатское көлі.

Алатау өңірінде – Томирис шағын ауданындағы көл, Қарасу шағын ауданындағы тоған, Байбесік шағын ауданындағы тоған.

Қыс мезгілінде су айдындарында адамдардың қаза болуына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаменттері аудан әкімдіктерімен бірлесіп төтенше жағдайларға бейім су объектілеріне (тоғандарға) 22 " Абайлаңыз, жұқа мұз!", "Балық аулауға тыйым салынады!" тыйым салу белгілерін орнатты.

Қыс мезгіліндегі негізгі қауіпсіздік ережелері:

  • түнде және нашар көрінетін жерде мұзға шықпаңыз;
  • су объектілерінің қоршалмаған және қорғалмаған учаскелерінен өтуге немесе олар арқылы өтуге тыйым салынады;
  • балық аулау және басқа мақсаттар үшін мқзды тесуге, үлкейтуге тыйым салынады;
  • мұзға жалғыз шықпаңыз;
  • мұздың беріктігін аяқпен сынамаңыз;
  • сақ болыңыз, қар астында жырық немесе тесіктер болуы мүмкін;
  • астыңызда мұз жарылып, жырықтар пайда болса, қорықпаңыз және қауіптен қашпаңыз, мұздың үстіне тегіс жатып, қауіпсіз жерге аунаңыз;
  • шұңқырға түсіп қалсаңыз, үрейленбеңіз, қолдарыңызды кеңірек алшақ мұзға жорғалаңыз;
  •  құтқару кезінде жылдам, батыл, бірақ өте сақ әрекет етіңіз. Құтқаруға көмектесетін затты 3-4 метр қашықта тұрып, беріңіз.

13 желтоқсанда Алматыда Есентай өзенінің мұз суы өзен қоршауын бұзды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: