Алматыда қаңғыған иттер босатылады
Сурет: Instagram/akimat_almaty
Алматы қалалық ветеринарлық қызметі "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңның аясында осыған дейін ауланған иттерді босататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Енді ауланған жануарларды өлтіруге тыйым салынады. Қауіпті жұқпалы аурумен ауыратын және негізсіз агрессия жасайтын жануарларды ғана атуға рұқсат.
Биыл маусым айынан бастап ауланған бұралқы иттер тексерістен өтеді. Егер қауіпті ауру мен себепсіз агрессия байқалмаса, оларға вакцина салынып, піштіріледі. Содан кейін олар асырап алғысы келетіндерге беріледі. Алматы қаласының ветеринарлық қызметі
Ешкім асырамаса, құлағына арнайы жасыл белгі тағып, еркіндікке қоя береді.
Сурет: Instagram/akimat_almaty
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript