Жаңалықтар тізбегі
0

Қатты аязға байланысты еліміздің үш өңіріндегі жолдарда шектеулер енгізілді

Ауа райының нашарлауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2022 21:16 Сурет: pixabay
Ауа температурасының 30 градусқа дейін күрт төмендеуіне байланысты Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы кейбір тас жолдарда жолаушылар автобустары мен дизель отынын тұтынатын көліктердің қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазавтожолға" ҰК" АҚ-қа сілтеме

Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты мына жол учаскелерінде шектеулер енгізілді:

1. Омбы-Майқапшағай:

- 587-733 шақырым аралығы, Павлодар облысының шекарасынан Семей қаласына дейінгі аралық;

- 756-906 шақырым аралығы , Семей қаласынан Қалбатау ауылына дейінгі аралық.

2. Семей-Ресей шекарасы, 3-113 шақырым аралығы, Семей қаласынан Ресей шекарасына дейін.

3. Семей-Қайнар тас жолының 8-266 шақырым аралығы, Семей қаласынан Қайнар ауылына дейін.

4. Өскемен-Семей тас жолының 10-198 шақырым аралығы, Герасимовка ауылынан Семей қаласына дейін.

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты мына тас жолдарда шектеу енгізілді:

1. Өскемен-Семей тас жолының 10-198 шақырым аралығы, Герасимовка ауылынан Семей қаласына дейінгі учаске.

2. Өскемен-Шемонаиха-Ресей шекарасы тас жолының 15-102,105-123 шақырым аралықтары, Глубокое ауылынан Ресей шекарасына дейінгі учаске.

Павлодар облысында Абай облысындағы ауаирайының нашарлауына байланысты Омбы-Майқапшағай тас жолының 427-587 шақырым аралығы, Кенжекөл ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі учаскеде жолаушылар автобустары мен дизель отынымен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: