Астананың жаңа ауданы "Нұра" немесе "Қараөткел" деп аталуы мүмкін
Сурет: Zakon.kz
Елорда мәслихатының депутаттары Астананың жаңа ауданына ұсынылған атауларды талқыға салды. Жаңа аудан Есіл ауданын екіге бөлу арқылы құрылады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Осыған орай қаланың Тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп баяндама жасады.
Ол Астанада жаңа аудан құру ұсынылғалы бері ғалымдармен, жұртшылықпен бірнеше кездесулер өткізіліп, ел тарихына негізделген бірқатар нұсқалар талқыланғанын атап өтті.
Нәтижесінде ономастикалық комиссия отырысына екі нұсқа шығарылды.
"Бірінші нұсқа – Ақмола және Қарағанды облыстарындағы өзеннің құрметіне "Нұра" деп атау. Екінші нұсқа – "Қараөткел". Орта ғасырларда ол ірі сауда орталықтарының бірі болғанын білесіздер, "қара" сөзінің этимологиялық мағынасы – көп, молшылық. "Нұра" деген нұсқа қысқа әрі түсінікті. "Қараөткел" нұсқасына келсек, тіл мамандарымен ақылдаса келе, қазақ тілінің грамматикасына сәйкес қатар тұрған екі дауысты дыбыс қолданылмайтынын, айтылуын қиындататынын атап өтті. Сондықтан "Нұра" нұсқасын ұсынып отырмыз. Сәкен Есіркеп, қалалық Тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысы
Елордада қазір төрт аудан бар. "Алматы", "Сарыарқа" және "Байқоңыр" аудандары оң жағалауда. Ал "Есіл" ауданына бүкіл сол жағалау аумағы кіреді.
8 шілдеде Астананың экс-әкімі Алтай Көлгінов халық санының артуына байланысты елордада жақын арада жаңа аудан құрылуы мүмкін екенін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript