Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні мерекелік күн ретінде белгіленуі мүмкін

Ауғанстан, кеңес әскері, мерекелік демалыс, мереке, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2022 12:51 Сурет: wikimedia
Қазақстан Республикасындағы мерекелер тізбесіне толықтырулар енгізетін Қазақстан үкіметінің қаулысы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, мерекелер тізімін екі датамен толықтыру ұсынылып отыр:

  • Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг органдарының күні – 28 қаңтар;
  • Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан.

Құжат 28 желтоқсанға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында  жарияланды.

Құжаттың түсіндірмесінде жазылғандай, Қаржылық мониторинг органдарының кәсіби мерекесін белгілеу қызметкерлер мен жұмыскерлерді жалпы командаға біріктіруге, сондай-ақ ортақ іске қатысуға, орындалатын жұмыстың маңыздылығын арттыруға бағытталған.

1988 жылы Женева келісіміне қол қойылғаннан кейін Кеңес әскерлері Ауғанстаннан шығарыла бастады. 1989 жылы 15 ақпанда оның аумағынан 40-армия бөлімшелерінің соңғы колонналары мен шекара әскерлерінің барлық арнайы бөлімшелері шықты.

Ауғанстандағы әскери қақтығысқа 22 296 қазақстандық қатысты. Қазір Қазақстанда 15 мыңнан астам жауынгер-интернационалист тұрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: