Алматыда кейбір маршруттардың автобустары жаңартылады
Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
20 желтоқсаннан бастап №5, №5а, №5б, №5в және №26 маршурттарына жаңа автобустар шығарылады. Бұл жөнінде Қалалық мобилділік басқармасы мәлім етті,
деп хабарлайды Zakon.kz.
"№5 маршрутқа 4 жылжымалы автобус, №5а мен №5в маршруттарына 2, №5б маршрутына 3 және №26 маршрутқа 5 автобус шығару қарастырылды".Қалалық мобилділік басқармасы
Соңғы айларда бұл маршруттарда жоспарлы автобустың шығуы 50%-ға дейін төмендеген. Сол себепті, басқарма өкілдерінің мәлімдеуінше, маршруттарды Иссузу Н-40 маркалы жаңа 19 автобуспен қызмет көрсететін "Сапаршы" ЖШС тасымалдаушы компаниясына беру туралы шешім қабылданды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript