Жаңалықтар тізбегі
0

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан павлодарлықтар қасіретті күндерден естелік айтты

Желтоқсан оқиғасы, Қазақстан, желтоқсаншылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2022 17:18 Желтоқсан оқиғасына арналған көрмеден фотосуреттер, сурет: Zakon.kz
16 желтоқсанда еліміз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлайды. 1986 жылдың бұл күні Қазақстан жастары Алматыда алаңға шықты. Олардың арасында Павлодар облысының тұрғындары да болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Профессор, философия ғылымдарының кандидаты Амантай Құдабаев 1986 жылы желтоқсанда Алматыда алаңға шыққан жастар туралы естелік айтып берді.

"Бұл Тәуелсіздікке жасалған алғашқы қадамдар еді. Студенттер Фурманов көшесіне жиналдық, маған микрофон берді. Менің алдымда Нұрсұлтан Назарбаев және республиканың басқа да бірінші тұлғалары тұрды. Мен "республиканы білетін, осында жұмыс істеген адам Қазақстанды басқаруы керек" дедім. Солдаттар маған қарай жүгіріп келе жатыр еді, Нұрсұлтан Назарбаев маған қарап: "кет" деп итеріп жіберді. Мен сол күні қамаудан солай құтылдым".Амантай Құдабаев

Кейін ұстазы Амантай Құдабаевты үйінің жертөлесіне жасырып, Павлодарға баруға көмектесіп, жазадан құтқарып қалды.

Митингті ұйымдастырушылардың бірі Құрманғазы Айтмырзаев жазасын төрт жылға жалпы режимдегі колонияда өтеуге кесілді, 1996 жылы ақталды.

"Біз бір ғана талап қоюмыз деп келістік – КОКП ОК пленумы шешімінің күшін жою. Кандидаттар әр түрлі болуы мүмкін еді – Назарбаев, Камалиденов, Әуелбеков және Трофимов. Трофимов қазақша сөйлейтін: орыс болғанымен қазақтың әдет-ғұрпын білетін". Құрманғазы Айтмырзаев

Оның айтуынша, митинг кезінде арандатушылық да болған.

"Мен алаңды айналып жүгіріп, жігіттерді жанжалдаспауға шақырдым, әйтпесе олар бізді кінәлі етеді, бірақ бұл мүмкін емес еді, бестен кейін қырғын басталды. Бізді ұрғаны соншалық қыздар ес-түссіз құлап, аяқ астынан суырып алдық, басы жарылды. Жігіттер көйлектерін шешіп, жараларын орап, ЖенПИ-ге сүйреп апарды. Бізді сойылмен, сапер күректерімен ұрып-соғып, су құйып жіберді, бірақ біз суық тиетінін, ауыратынымзды, таңертеңнен бері нәр татпағанымызды ойлап жатпадық. Таңертеңгі сағат 11-де ғана қатжығанымызды сезіндік: күртеше мен пальтоларды мұз басып, аяғымызды баса алмай қалдық. Жатақханаға барып, жылынып алайық деп ойлап едік, бірақ ол жерде бізді мұғалімдер мен билік өкілдері күтіп тұрды. Бізді қайта шығармай қойды".Құрманғазы Айтмырзаев

Гүлнәр Батанова 1986 жылы Павлодар педагогикалық институтының филология факультетінде оқып жүрген. Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы қызметінен Дінмұхамед Қонаевты алып тастап, қазақ халқының мәдениетінен мүлде бейхабар, республикада бұрын-соңды жұмыс істемеген Геннадий Колбиннің тағайындалғанын білген соң құрбысы Жәмиға Бейсембаева екеуі үнпарақтар әзірледі. Олар үнпараққа  "Колбин, кет", "Қазақстан қазақстандықтарға" деп жазды.


Желтоқсан оқиғасы, желтоқсаншылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2022 17:18

Желтоқсан оқиғасына арналған көрмеден фотосуреттер, сурет: Zakon.kz

Қыздар оны қала көшелеріне, вокзалға, педагогикалық институт жатақханасының қабырғаларына жапсырып шығыпты. Митингке шықпақ болғанымен, шыға алмапты, өйткені айналаның бәрі қоршалып, полиция барлық жерде кезекшілікте тұрды.

"Келесі күндері жатақханада тінту жүргізілді.Тергеуші, КГБ майоры желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында бізге толассыз сұрақ қоюмен болды. Олар сараптама үшін қолжазбаны түсіріп, әңгімелесті». Гүлнәр Батанова

Аудандық партия комитеті мен деканат қыздың анасы Мария Ақышеваны бірнеше рет шақыртып, қызына лайықты тәрбие бере алмағаны үшін сөгіс беріпті.

"1987 жылдың наурыз айында мен және тағы бірнеше студент Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін комсомол қатарынан және институттан шығарылдық", – дейді Гүлнәр Батанова.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: