Тұман және жел: Қазақстанның төрт өңірінде ескерту жарияланды

Тұман және жел, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2022 19:58 Сурет: pxhere
17 желтоқсанда елдің төрт өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

 "Қазгидромет" РМК-ның хабарлауынша, Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15-20, 23 м/с.

Абай облысының оңтүстігінде, орталығында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15-20, 23 м/с.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да күшті болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: