Астана мен оңтүстік мегаполистердің ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, Астана, Алматы, Шымкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2022 09:39 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 17 желтоқсанда еліміздің үш мегаполисіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, күн райы елордада аязды, Алматыда тұманды, Шымкентте жауын-шашынсыз болады.

Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз болады, күндіз +2...4 градус жылы. Түнде ауа температурасы -4...6 градусқа дейін төмендейді. 

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы күндіз -12 ... 14 градус. Түнде -20...22 аяз. Желдің жылдамдығы – 2-ден 7 м/с дейін.

Шымкентте күн райы жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы күндіз +8-10 градус нөлден жоғары. Түнде 0...-2°C. Желдің жылдамдығы – 2-ден 7 м/с.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: