Жаңалықтар тізбегі
0

Сәтбаев қаласында Республика күні тойланды

Республика күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2022 11:14 Сурет: Сәтбаев қаласы әкімдігі
Біршама үзілістен кейін Республика күні қайта оралды. Ұлттық мерекені сәтбаевтықтар да кең көлемде ұлықтады. Дәстүр бойынша салтанатты рәсім Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында басталды.

Онда Егемендігімізді айқындайтын көк туымыз көтеріліп, әнұранымыз шырқалды. 

Бірлігіміз бекемделіп, ынтымағымыз артқан күні құттықтау және марапаттау үшін сөз кезегін алған қала басшысы Асқар Ыдырысов байрағын биік ұстаған бабалар ұрпағы екендігімізді атап айтты. Сондықтан ту көтеру рәсімі ұлттық мерекенің маңызын арттыра түсті. 


Республика күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2022 11:14

Сурет: Сәтбаев қаласы әкімдігі

Құрмет Қазақстан Республикасы президентінің 2022 жылғы 14 қазандағы №1047 Жарлығы бойынша Сәтбаев жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорнының слесары Нурадден Есмағамбетов «Құрмет грамота» мемлекеттік марапатына ие болды. Ұлытау облысының салтанатты жиынында ҚР мемлекеттік «Құрмет» орденіне ие болған Яхия Асатов, Марал Мәдиева, ҚР «Ерен еңбегі үшін» маделімен марапатталған Қайрат Смайылов сахна төріне шақырылып, тағы бәр мәрте ұлықталды. 


Республика күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2022 11:14

Сурет: Сәтбаев қаласы әкімдігі

Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай қаламызда Абай ескерткіші мен аллеясы бой көтерген болатын. Ұлы ақынның мұрасын насихаттауға қосқан үлесі үшін «Абай-175 жыл» ҚҚ шешімімен Төлеген Бүкіров, Абдолла Дастанов, Шолпан Жанғасқинова сынды көшбасшыларға «Абай» медалі табыс етілді. 

Қаланың қоғамдық, саяси өміріне, экономикалық дамуына үлес  қосқан азаматтар да ескерусіз қалмады. Әр салада еңбегімен ерешеленген жандар Ұлытау облысының, Сәтбаев қаласының Құрмет грамотасына ие болса, бір тобы Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы атанды. Қазақстан халқы Ассамблеясының грамотасы мен Алғыс хаты да өз иесін тапты.


Республика күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2022 11:14

Сурет: Сәтбаев қаласы әкімдігі

22 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды тапсыру рәсімінде Республика күнін қайта жаңғыртудың маңызына тоқталды.

Президент Ұлытауда өткен алқалы жиында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынып, Қазақстанның басты мейрамы ретінде атап өту туралы бастама көтерген-ді.

Мемлекет басшысы бұл бастама халықтың кең қолдауына ие болып, тиісті заңға өзгеріс енгізілгенін атап өтті.

Биылдан бастап Республика күні – ұлттық мереке.

"Республика" сөзі латын тілінде "ортақ іс" деген мағына беретіні баршамызға белгілі. Бір сөзбен айтқанда, республика өз ісіне жауапты азаматтардың ортақ іс-әрекетінің арқасында құрылады. Өйткені, азаматтар – мемлекеттің арқауы. Азаматтары болмаса, мемлекет те болмайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: