Қазақстанда 3х4 фотоға түсу қымбаттап кетті
Сурет: freepik
Қазір жүргізуші куәлігі немесе жеке куәлік үшін суретке фотостудияда түсу қажет емес. Дегенмен құжаттар үшін 3х4 фото әлі де қажет, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қараша айында фотографтардың бұл қызметке орташа бағасы 561 теңге болған. Бұл өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда 15% қымбат.
Өңірлік тұрғыда ең жоғары баға Жезқазғанда болды – 800 теңге. Бұл қызмет Атырау (707 теңге), Қызылорда (667 теңге) және Астана (641 теңге) тұрғындары үшін елде ең қымбаты. Ақтөбе қаласында 3х4 фотоның ең төменгі бағасы – 378 теңге.
14 желтоқсанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстанда азық-түлік, ұялы байланыс және такси неге қымбаттағанын айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript