Төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және ЭЦҚ: Азаматтарға арналған үкімет мәлімдеме жасады
Сурет: Instagram/gov4c.kz
Мемлекеттік корпорация әрқайсымыз кем дегенде бір рет құжатты шұғыл жаңарту қажет болған жағдайға тап болатынымызды ескертіп, осындай жағдайлардың алдын алу үшін қажетті ақпаратты жинақтағандарын жеткіздерді:
Жеке куәлік
Жарамдылық мерзімі - 10 жыл.
Мерзімі аяқталған жағдайда, аты-жөні, азаматтығы өзгергенде, жоғалғанда, бүлінгенде немесе жеке өтініш бойынша ауыстырылады.
Төлқұжат
Жарамдылық мерзімі - 10 жыл (ересектер үшін), балалар үшін - 5 жыл.
Мерзімі аяқталған кезде, деректері өзгергенде, бүлінгенде, жоғалғанда немесе жеке өтініш бойынша ауыстырылады.
Жүргізуші куәлігі
Жарамдылық мерзімі - 10 жыл.
Мерзімі аяқталғанда, жеке деректері өзгергенде, бүлінгенде, жоғалғанда немесе жеке өтініш бойынша ауыстырылады.
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)
Жарамдылық мерзімі - 1 жыл.
Жыл сайын жаңартуды қажет етеді.
Бұған дейін мемлекеттік қызметке қабылдау 1 сәуірден бастап толық онлайн форматқа көшірілетіні хабарланған.