ЭЦҚ тек 16 жастан бастап беріледі – ресми түсініктеме
Фото: gov4c.kz
Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қай жастан бастап берілетіні туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ баспасөз қызметі Zakon.kz басылымына түсініктеме берді.
Түсіндіруге мемлекеттік корпорация мамандарына қазақстандық азаматтардың бірі жолдаған сұрақ себеп болған:
"Менің ұлым 15 жаста. Ол ЭЦҚ ала ала ма?"
Мамандар бұл сұраққа бірден теріс жауап берді.
""Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ЭЦҚ 16 жасқа толған тұлғаларға беріледі", — деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) — бұл жеке қолтаңбаның цифрлық баламасы болып табылады. Ол электрондық құжаттарда және онлайн қызметтерде азаматтың жеке басын растау үшін қолданылады.
Сондай-ақ бұған дейін қазақстандықтарға жерлеуге байланысты әлеуметтік төлемді рәсімдеу тәртібі туралы толық ақпарат берілген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript