Қазақстанда бір жылда үш ауысымда оқитын мектептер көбейді

Үш ауысымды мектептер көбейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2022 12:28 Сурет: Zakon.kz
Елімізде үш ауысымда оқитын мектептер саны артып келеді. Бұған Ұлттық статистика бюросының мәліметтері дәлел, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021-2022 оқу жылында Қазақстанда 169 үш ауысымдық мектеп жұмыс істеді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 5,6%-ға көп (160 мектеп). Үш жылда мұндай мектептердің саны бірден 32%-ға өсті.

Оқушылардың санына қатысты мәселенің ауқымы айқын көрінеді. Үш ауысымда оқитын мектептерде 291,1 мың оқушы оқиды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9%-ға артық.

Өңірлік тұрғыда үш ауысымды мектептердің басым бөлігі Алматыда (59 мектеп), сондай-ақ Маңғыстау (18 мектеп), Атырау (17 мектеп), Түркістан (15 мектеп) және Павлодар (10 мектеп) облыстарында байқалады, деп жазады Ranking.kz. 

19 тамызда вице-премьер Ералы Тоғжанов барлық облыс әкімдіктеріне үш ауысымда оқитын және апатты жағдайдағы мектептерді толығымен жоюды тапсырды. Тоғжанов бұл мәселені жеке бақылауында ұстауға уәде берді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: