Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда сән-салтанат салығы 2024 жылдан бастап күшіне енеді

Салық Сурет: pixabay
Бұл салық қымбат тұратын жылжымайтын мүлік, көлік және тағы басқа да нысанға салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, бірнеше пәтердің кілтін ұстап отырғандар да тізімге ілігуі әбден мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

"Мысалы, бір жеке тұлғада бірнеше пәтер, бірнеше жылжымайтын мүлік болуы мүмкін. Бір-екі мүлікті салықсыз немесе кәдімгі салғын төлейтіндей етіп қалдырамыз. Бірақ одан артық мүлікке қосымша артық салық төлейді". Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі

Ал сән-салтанат салығының өзі 2024 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді. Келер жылы кодекс қайта қаралып, жаңартылады. Мұны жасауға Үкімет мүшелері ғана емес, сарапшылар, экономистер де қатысып жатыр. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз