Алматыда қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған мемориалдың ашылуынан видео жарияланды
Сурет: Zakon.kz
Ақорда 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғаға арналған монументтің салтанатты ашылуынан бейнеролик жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен қала әкімі Ерболат Досаев қатысты.
Мемлекет басшысы өз сөзінде мемориалдың бүкіл Қазақстан халқы үшін алатын орны ерекше екенін атап өтті. Ол қайғылы қаңтар оқиғасы Тәуелсіздік алғаннан бергі ең күрделі сынақтардың біріне айналғанын айтты.
2022 жылдың жазында қазақстандық сәулетшілер Алматыда өткен XVII қала құрылысы форумы аясында Алматыдағы қаңтар оқиғасына арналған мемориалдың эскиздерін ұсынды. Ескерткіштің ашылу қарсаңындағы дайындығын Zakon.kz тілшісі түсіріп үлгерді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript