Жаңалықтар тізбегі
0

Шығыс Қазақстанда 92 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Шығыс Қазақстанда 92 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2022 17:29 Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысында биыл 92 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл негізінен жайылымдық алқаптар. Нәтижесінде аймақта шабындық пен жайылымның жетіспеушілігі 11 мың гектарға дейін азайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының биылғы қыркүйектегі Жолдауы мен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр. Дегенмен Ұлан, Самар, Глубокое мен Қатонқарағай аудандарында мал жаятын жер әлі де тапшы, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазір облыста 62 мың гектардай жайылымдық алқаптар жетіспейді. Мәселені реттеу үшін салаға жауапты басқарма мамандары өңірдегі орман шаруашылықтарының аумағаныдағы алқаптарды да шаруаларға рәсімдеп жатыр.

Биыл қыркүйек пен қараша айларында біз аймақтағы жалпы ауыл шаруашылығы жерлеріне жүргізілген тексерістің қорытындысын шығардық . Нәтижесінде пайдаланылмай жатқан мыңдаған гектар жер анықталды. Оны иеленіп отырған азаматтарға жазбаша ескертеулер берілді. Былтыр облыста жайылмыдық үшін 62 мың гектар жер жетпесе, биыл бұл көрсеткішті 11 мың гектарға түсірдік. Надежда Михейлис, облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: